Сырдария өзені үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысан «Астана» шағын ауданы мен Президент саябағын байланыстырады. Жобаны тәжірибесі мол «Әлем Құрылыс» компаниясы жүзеге асыруда. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Жаңа көпір Қызылорданың мәдени-әлеуметтік өміріне жаңа леп әкеліп, қаланың сәулеттік келбетін арттырады. Сондай-ақ өзеннің екі жағалауындағы саябақтар мен серуендеу аймақтарын біріктіріп, отбасылық демалысқа, спортпен айналысуға және тұрғындар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға арналған таптырмас нысанға айналады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!