Ойладың ба? — Істе!, Істедің бе? — Ойланба!
Кеткенді — ұстама! Келетіннен — қателесіп қалма!
Жақсының жауы болған жақсы, жаманның досы болғанша.
Қарапайымдық — ұлы адамға тән.
Жоғарыға көтерілгісі келетін адам баспалдақ ойлап табады.
Күйеуі мен әйелі қол мен көз тәрізді болуы керек: қол ауырса — көз жылайды, көз жыласа — қол жасын сүртеді.
Алыс сапар да — жақын жолдан басталады.
Әдемі гүлдер — жеміс әкелмейді.
Тек қана жатқан адам — ешқашан сүрінбейді.
Бір жылы сөз — қыстың үш айын да жылы етеуі мүмкін.
Ақымақ пен есуасқа — арқашан жол бер!
Қолыңнан келгенше істе, ал қалған жағы тағдырдың жазғаны.
Күлкі шыққан үйге — бақыт келеді.
Күлімдеген жүзге — ауыр сөз айтуға болмайды.
Суық шай мен суық күрішке — шыдауға болады,
Суық көзқарас пен суық сөз — шыдау қиын.
Қалаған қыз — қабырғадан өтеді.
Сұрау — бір минуттық ұят, ал білмеу — өмірдің соңына дейін ұят.
Терең өзендер — дыбыссыз ағады.
Жапон даналығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!