Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын салуды қамтамасыз етуі тиіс»

02.09.2021, 11:15 343

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі жолдауында: «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру» деп өте орынды айтты.

«Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс…» – деген сөзін қолдаймын және бұл тапсырманың орындалуын асыға күтемін.

Өзім қызмет ететін Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округі балалар-жасөспірімдер спорт мектебі аумағында осы мәселені жүзеге асыру бағытындағы көптен көкейімде жүрген бір ұсынысымды жарияламақпын:
Алты жыл бұрын салынған спорт мектебіміздің ғимараты да, жер көлемі де қазір тарлық етіп келеді. Ал мектебіміздің жанында игерілмеген бос орын бар. Оны басқа да қажетті бағыттарға берілмей тұрғанда, ауыл халқы және жас спортшылар үшін стадионға айналдыру ісі – өте өзекті болып отыр. Бұл жердің өзінен футбол, волейбол, баскетбол стадиондарын жасақтап, қажет кезде гандбол, теннис алаңдарына айналдырып пайдалануға да болады. Ал айнала жүгіру алаңы өзі-ақ сұранып тұр.

Президент жолдауын жүзеге асыруда осы мәселе ауданымыз бен облысымыздың әкімдерінің назарынан тыс қалмаса екен деймін.

Айбек МҰХАНОВ,

Басқұдық ауылдық округінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері,

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау облысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: