Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өлім паркі (Триллер)

12.08.2021, 11:00 318

Қала орталығындағы саябақтан кеше түнде тағы бір адамның мәйіті табылды. Оның 22 жастағы Раджеш есімді ер адам екені анықталды. Тергеу мәліметтері бойынша, кісі өлтірушінің осы саябақта болған 7 кісі өліміне қатысы бар, себебі өлтіру әдісі бірдей, тамағын кесіп тастады. Біз бұл іске жауапты инспектор Ранджит Ратормен сөйлесуге тырысқанымызда, «тергеу жүріп жатыр, айыпталушы жақын арада темір торға қамалады»  деп  мәлімдеді.

Суреш мырза газетті жексенбі күні таңертең балконында отырып оқыды.

 – Әке, мен сәлден соң келемін.

Оның баласы Варун спорттық киімі­мен үйден шығып кетті.

– Жарайды, балам, бірақ… есіңде болсын…

Варун оның сөзін бөлді де.

– Мен әкемнің не айтатынын білемін, саябаққа бармаймын. Жарайды, енді, қош  бол!  – деді.

Варун саябақтың сыртында жүгіріп келе жатқан кезде оның көзқарасы саябақ­та ес-түссіз жатқан адамға түсті. Ол қорқып кетті. Бұл адам саябақ өлтірушісінің келесі құрбаны болды ма? Ол өлі ме, әлде тірі ме? Мен ішке кіруім керек пе? Ол барлық сұрақтарға жауап іздеп, саябақтың қоршауынан секірді. Ішке кіргенде ол адамның тірі екенін және бірдеңе айтып жатқанын түсінді.

Варун  оны  тыңдауға барынша тырыс­ты, бірақ ер адамның даусы өте әлсіз. Ол тыңдау үшін еңкейді, сосын аузына сәл жақындады. Енді Варунның құлағы ер адамның аузынан сәл жоғары болды.

Кенет әлгі адам аузын сәл көтерді, Варун шошып кетті.

– Уа….тер….ррр. Маған су керек, – деп сұрады  ер  адам.

Варун саябақтан жүгіріп шығып, бір бөтелке су әкелді. Ол адамдық позиция­ға жеткенде әлгі адам жоқ еді. Варун оның артын­да  біреу тұрғанын сезді. Оның тұла бойын үрей жайлады. бұрылып қараса, артында бір адам тұр. Ол орнында тұрды, мүлде қозғалған жоқ. Бірнеше секундтан кейін мойнына қан төгіле бастады. Оның мойны кесілген. Сол кезде  адам  Варунның  қолына  құлады.

Жанардан шыға алмаған жас тамағына кеп тығылды. Қорқынышы мұнымен бітпеді, ол өзінің артында да біреудің тұрғанын сезді… Артқа бұрыла бергенде Варунның мойнын пышақпен жүргізіп шықты…

Осы оқиғадан бірнеше күн өткен соң кісі өлтіруші полицияның құрығына ілікті. Содан  кейін  Ранджит Ратор өлтіру­шіні  тергеуге  алды.

 – Аты?

Ранджит орындықта отырды, оның алдын­да  еденде  өлтіруші  жатты.

– Винод. Оның жасы 45-те. Ол ұзын ақ сақалды, үлкен көзілдірік киген, ұзын ақ шашты.

– Неге сонша адамды өлтірдің?

– ???

Винод жауап бермеді. Ранджит оған қатты соққы берді.

– Менің  қызым болды. Ол әр  таң  сайын осы саябаққа баратын. Оның да жігіті болған. Бұл бала да ол жерге күн сайын келетін. Олар онда көп уақыт өткізе­тін. Содан әдеттегідей  саябаққа барды, содан қайтып оралмады. Оны жігіті өлтірді. Бұл қандықол жігіт менің қызым­ды  өлтірді, – деп Винод жылай бас­тады. Қайтадан  сөзін  жалғап:

– Дәл сол күні мен қызымның денесіне от қойғанда, «мен бұл баланы жайына қоймаймын» деп өзіме ант бердім. Сол күннен бастап мен осы саябаққа келгендердің бәрін өлтіре бастадым, – деді.

– Сонымен, сіз бір қыздың өлімі үшін 9 адамды өлтірдің бе? Сен жындысың ба? – деп айқайлады тергеуші Ранджит.

– Иә, мен оларды өлтірдім және еш өкінбеймін, – деп Винод да айқайлады.

Ранджит орнынан тұрып камерадан шығып бара жатып:

– Мен дұрыс айттым. Мен Смитке әкесінің мүлде есі ауысқанын айттым. Оған психиатр қажет.

– Смит… Сен оның атын қайдан білесің? – деп күдікті Винод таң  қалды.

Ранджит Винодқа қарап, қатал күлкісін жиырып алып, темір тордың артын­дағы Винодтың жағасынан алды. Винод Ранджиттың мойнынан ұстау үшін бар күшін  салды,  бірақ  онысы сәтсіз болды. Тек ғана тергеу абақ­тысының темір тор­ларын ұстап, құр  ай­қай­ға  баса  берді.

Sandeep  SHARMA

Ағылшын  тілінен аударған

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: