Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады

26.10.2026, 20:23 26

Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан Жаңақорған кентіндегі бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы жаңадан қалыптасып келе жатқан «Саяжай-1» мөлтек ауданындағы инженерлік инфрақұрылым құрылысының жай-күйін көрді.

Қазіргі таңда 1500 жер учаскесін қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта ауыз су, табиғи газ желілері тартылып, автомобиль жолдары салынады. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскелері тұрғындарға пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ аудан әкімі әлеуметтік осал топтарға арналған 4 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Аталған жоба тұрғындардың баспана қажеттілігін өтеуге бағытталған.

Нысандарды аралау барысында аудан басшысы құрылыс сапасына баса назар аударып, жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жою, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: