Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторына палауға жасырып телефон өткізбекші болған

06.08.2021, 10:10 652

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/1 мекемесінде сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер тағы да тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Мекеме қамауындағы сотталғанған келген азаматша «IRBIS» маркалы телефоны , қуаттағыш құрылғысын және Sim -картаны политэлин пакетіне орап, палау тағамы мен салат ішіне жасырып өткізбек болған. Алайда азаматшаның тағамдарға жасырған » тосын сыйын» бақылаушы қызметкерлер бірден аңғарып, тәркілеп, ішке өтіп кетпеудің алдын алды.

Қамаудағы сотталған «Ұрлық» бабымен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес іс –құжаттары процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: