Әйелінің сөзінен шықпайтын бір жас адам: «Шешең ертелі-кеш тамақ жей береді, еш тоймайды, мұның көзін құрт!» – деген әйелінің сөзіне сеніп, тілін алып, қартайып қалған шешесін бір тауға апарып тастайды. Кетерінде шешесінің бір нәрсені шайнап жатқанын көріп, манағы әйелінің сөзі есіне түседі де: “Шынымен де менің шешем тоймайды екен ғой» – деп ойлайды. Ашуы келіп: «Ой,шеше! Не шайнап жүрсің? Жағың бір тынбады ғой» – дейді. Шешесі:
«Кешір, балам, бір жұмадан бері аузыма ешнәрсе алғаным жоқ, сондықтан тілімді сорып жүрмін» – депті. Сонда ғана жігіт шешесіне мүлде қарамай, әйелін ғана тыңдап жүре бергеніне қатты ұялып, өкініп тәубе еткен екен дейді. Сөйтіп кеш те болса қатесін түсініп, түзеткен екен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!