- «Қол тазалығы» — артық нәрсе алмау дегенді білдіреді. Бұл жерде артылғаннан садақа беру туралы да айтылып тұр.
2. «Құлақ тазалығы» — қорқақ, ашулы, күйгелек… адамдарды, сонымен қатар өсек, бос сөзді тыңдамау.
3. «Көз тазалығы» — назарыңды күнәға итеретін жат нәрседен, бөгденің дүниесінен қорғау.
4. «Ауыз тазалығы» — бос сөйлеу, өсек, жаман сөз айтудан аулақ болу.
5. «Тән және киім тазалығы» — тәнің мен үстіңдегі киіміңді күту, таза ұстау.
6. «Ой тазалығы» — ашу, көреалмаушылық, өзіңе сенімсіздік, негатив шақыратын ойдан арылу. Өзіңді-өзің аяуды әдетке айналдырмау.(Өзіңе аяушылық — енжарлықтың серігі).
7. «Жүрек пен жан тазалығы» — ішкі сезімдеріңді таза күйінде сақтау, жақсы көріңіздер және ақысына ешнәрсе күтпеңіздер, талап етпеңіздер.
Жақсы көре білудің өзі — бақыт.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!