Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы жұмысқа шақырады

07.04.2021, 16:00 962

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» төртінші бағыты бойынша қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы азаматтарынан іріктеуге өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Сервистік қызмет көрсету бойынша:

1. Қызылорда қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына Заң сұрақтары бойынша менеджер-кеңесші – 1 адам;

2. Қызылорда қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша менеджер-кеңесші – 1 адам.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттандыру бойынша:

1. Жаңақорған ауданындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ететін менеджер-кеңесші – 1 адам;

2. Байқоңыр қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ететін менеджер-кеңесші – 1 адам;

Менеджер-консультанттарға жалпы қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматтығы;
  • жоғары білімінің болуы;
  • қазақ және орыс тілдерін білуі;
  • соттылығының болмауы;
  • компьютерлік сауатының болуы;
  • соңғы жұмыс орнынан ұсыным хат;

Мынадай құзыреттердің болуы:

стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру, әдептілік, өзгерістерді басқару және т.б.

Қызметтер бөлінісінде қосымша талаптар:

Сервистік қызмет бойынша:

– сервистік қызмет түрлері бойынша кеңес беруде 1 (бір) жылдан кем емес тәжірибесінің немесе осы салада кемінде 2 (екі) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы .

Ақпараттық қаматамсыз ету бойынша:

– Кәсіпкерлікті қолдау және/немесе консультациялық қызметтер көрсету саласында 2 (екі) жылдан кем емес не мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы.

Ескерту: барлық менеджер-кеңесшілер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар (Бизнестің жол картасы Мемлекеттік бағдарламасы – 2025, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы», ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңы, т.б.) бойынша кеңес беруге білікті болуы тиіс.

Үміткерлердің кандидатурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігімен келісіледі.

Өтініштер 2021 жылдың 15 сәуірі сағат 18:00 дейін қабылданады.

Өтінішке қосымша:

1) Менеджер-кеңесші ретінде іріктеуге қатысу туралы өтініш

2) Жеке куәлік көшірмесі;

3) БЖК-2025 Бағдарламасы аясында менеджер-кеңесшілерді іріктеу тәртібінің Қосымшасына сәйкес нысандағы Анкета;

4) Жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек келісімшарты және/немесе ақылы келісімшарт көрсету туралы келісімшарт);

5) Жоғары білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6) Құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде алынған наркологиялық диспансерден анықтама;

7) Құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде алынған психоневрологиялық диспансерден анықтама;

8) Құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде берілген соттылығының болмауы немесе болуы туралы анықтама;

9) Соңғы жұмыс орнынан ұсыным хат.

Іріктеуге қатысуға өтініш үлгісі мен шарттарын Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңсесінен алуға болады: Қызылорда қ., Қорқыт Ата көшесі,123 немесе n-finsupport.kzo@atameken.kzэлектрондық поштасы арқылы алуға болады.

Байланысатын тұлға: Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы – Елеусінова Гауһар. Тел. 8/7242/400874

Қызылорда облысы кәсіпкерлер

палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: