Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Емделушілер алғысына бөленген емхана

25.02.2021, 9:00 409

«Денсаулық – зор байлық» дейді дана халқымыз. «Данышпансыз, дәрігерсіз. Жұрттың бәрі дәрменсіз» деген түрік халқының даналығы тағы бар. Иә, бүкіл әлемді «бір тарының қауызына сыйғызған» Covid-19 тажа­лы біздің елді де айналып өтпеді. Адамзат баласын әлекке салған бұл кесел былтыр біздің аймаққа да жетті. Алғашқыда абдырап қалған Сыр елі сабырлық пен сақтық шараларын қатаң сақтаумен қатар, осы індетке аса ұйымшылдықпен қарсы тұра білді. Адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандар, мейірбике, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай департаменті тарландары және еріктілер ерен ерлік көрсетті. Олар күні-түні тынымсыз арнайы бекеттер мен қызмет орындарында болып, халыққа адал қызмет етті. Бастарын қауіп-қатерге тігіп, асқан батырлық пен батылдық көрсетті. Адам жанын ажалдан арашалап қалу үшін отбасынан айлап «жырақта» болғандарды нағыз батырлар деген дұрыс болар.

Осы тұста қала, аудан және ауыл­дардағы аурухана мен емханалардың жұмыс кестесі күрделенген қалыпқа көшкенін білеміз. Аурухана мен ем­хана қызметкерлері сол кезде адал қызмет атқарды. Қазір де кеселден келетін қауіп сейілген жоқ. Босаңсуға болмайды. Барлық өңірде әлі де сақ­тық шаралары сақталуда… Дәрігерлер мен мейірбикелер халық­қа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кісілерге қол­дан келген дәрігерлік көмектерін ая­нып  жатқан  жоқ.

Сондай ұжымның бірі – қала­мыздағы №6 емхананың қыз­меткер­лері. Аталмыш емхананың бас дә­рігері Жаннат Шайхсламқызы Қожарипованың басшылығымен біраз жұмыстар оң жолға қойылған. Бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жалғасбаева, ана мен бала жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова, дәрігер-эксперт Күлмариям Ташенова, дәрігер-эпи­демиолог Бақыт Сабыр – білімді де білікті дәрігерлер. Бас аяжан Тұр­сынкүл Сариеваның емханадағы жал­пы мейірбикелердің жұмысын жақсы жолға қойғаны көрініп тұр.

Сырқаттанып дәрігерге қаралуға келген кісі бірінші тіркеуден өтіп, І жалпы тәжірибелі дәрігерлік бөлімдегі аймақтық дәрігерге бара­ды. Бөлім меңгерушісі Марал Есма­ханова мен Ақнұр Сармолдаева, Жанар Шора, Алина Әбдікәрімова, Айгерім Өмірғалиева, т.б. дәрігерлер халыққа мінсіз қызмет көрсетіп келеді. Бөлімдегі аға аяжан Перуза Алишерованың жетекшілігімен Әлия Сұлтанғали, Айгерім Тоқмағамбетова, Лаура Хайдарова, Гүлфариза Сарбаева, Райкүл Есенова, Сымбат Қалдыбек, Айзат Абуова, Әсел Өмірбек, Жан­сая Пазылхан, Кенже Құдабай, Қарлы­ғаш Досымбетова және тағы басқа нәзік жанды мейірбикелер мәдениетті әрі сыпайы түрде бұқараға қызметін көрсетіп, келгендердің көңілінен шыға біледі. Жаны ауырып барған жанның жанайқайын түсінуге де болады. Сол ашу мен ренішке аса түсіністікпен қарайтын аталған емха­надағы дарқан пейілді ақ халатты жандардың қарапайымдылығына тәнтімін. «Науқастың жанын емде­мей, тәні емделмейді» деген екен Сократ. Шынында, сырқаттанып келген кісіге жылы шырай танытып, жылы сөзбен алдымен жанын, сосын тәнін емдейтін – емханадағы осы жандар. Осындағы жалпы бөлімдер мен бөлімшелердегі қызметкерлердің халыққа деген ыстық ықыласы мен ілтипаты ерекше екені байқалады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмау­дың жолын ізде» деген даналық сөз бар. Ал, ауыра қалсаң, ауруды асқынтып алмай, дәрігерге көрінгенің абзал. Бұл жайлы М.Қашқари: «Емделуге көнген ер өлмес» депті. Сақтық шарасын қатаң сақтап, таза тұрып, таза жүрсек, «тәжілі»  тұмауды да  жеңетініміз анық. «Тазалық – саулық кепілі, саулық – байлықтың негізі» деген емес пе?! Аман-сау болайықшы, ағайын!

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ,

зейнеткер,

Қызылорда  қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: