HALYQLINE.KZ 1944 жылдың қақаған қысында отбасын іздеген шешен жігіті қазақ ауылдарының біріне тап болады. Қазақтар оған вайнахтарды жайғастырған үлкен бір үйді көрсетеді. Есігін қаққан кезде, арғы жағынан бала көтерген ингуш келіншегі шығыпты. Әйелдің жалғыз екенін көрген азамат (қазақтар басқа үйді айтқан болар деп) алғысын айтып, қайта шығып кетеді. Әлгі келіншек таңертең үйінің іргесінен жігіттің қатып қалған денесін тауып алып, 13 жыл бойы (өзі жерлеген) оны туған бауырындай жоқтап өткен екен. Қандай қиын кез болса да, жақсы адам кісілік қасиетінен айнымай, арсыздары ғана ары қарай азғындай түсетін әдеті бар.
Мұндағы айтайын дегенім, қазір бізде әйелі жалғыз қалған шаңыраққа қымсынбай (қуыстанбай) кіре салатындар көп. Баяғы қазақтар да (далада тұрып дауыстаған) отағасы болмаса онда үйге бас сұғып, біреудің әйелімен оңаша қалуды арсыздық санаған ғой. Өзім де әлі күнге дейін әкемнен жұққан осы бір әдетімнен айныған емеспін…
Жолымбет МӘКІШ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!