Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаныбек Әбдуов: «Тақырыпты ұйқастырып та, астарлап та қоюға болады»

07.10.2020, 15:00 2225

Тілші: Өзге халықтар: “Қазақ баспасөзінен тақырып алуға болады. Олардың сөзі соған сұранып  тұрады” деген сарындағы  пікір  айтады…

Қаныбек Әбдуов: Қазақ халқында киелі сөз көп. Бір ғана қыз деген сөзді бірнеше атаумен айтуға болады. Кей сөздердің синонимдік қатары 30-40-қа дейін барады. Жалпы алғанда, сөздік қорымыз бай. Сондықтан, тақырыпты ұйқастырып та, ұқсастырып та, астарлап та қоюға мүм­кіндік бар. Даналық сөзде­рімізден, мақал-мәтелдерімізден де бір емес, бірнеше тақырып шығаруға болады. Көзін көрмесем де, Ұзақ Баға­ев ағамыздың тақырып қоюдағы шеберлігі басым екен. Сондай-ақ, марқұм Оразбек Мақсұтұлы, Қази Данабаев, Айжарық Сәдібекұлы ағаларым да өткір тақырыптар тауып алатын. Қазір Дүйсенбек Аяшұлы бұл жағынан көпшіліктен оқ бойы озық тұр.

Сұхбаттасқан Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ

«Халық» газеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: