Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

600-ден аса іс-шара ұлы Абайға арналыпты

20.08.2020, 17:10 465

HALYQLINE.KZ  Жыл басынан бері сала бойынша түрлі форматта 8 мыңнан аса мәдени онлайн іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 8 республикалық, 40 облыстық онлайн конкурс, фестиваль ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова мәлімдеді.

– Өздеріңізге белгілі, биыл – Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ұлы жеңістің 75 жылдығы. Осы айтулы күндерді атап өтуге арналған өңірлік іс-шаралар жоспарына сәйкес ауқымды шаралар өткізілді. Атап айтсақ, Е.Төлеубайдың «Абай» трагедиясы, «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы, Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейінің Қызылорда қаласында «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты жылжымалы көрмесі, жалпыреспубликалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Абай музейде» танымдық шарасы ұйымдастырылып, «Абай әлеміне саяхат» атты абайтану бұрышы ашылды. Жалпы, бүгінге дейін ұлы ақынның мерейтойына арналған облыс бойынша 612 іс-шара өткізілсе, оның 508-і онлайн форматта ұйымдастырлды, – деді Мира Рахымжанқызы.

Сондай-ақ, шаралардың барлығын YouTube желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналынан барша көрермендеріміз тамашалап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: