Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап көрмесі ұйымдастырылды

29.11.2026, 12:25 22

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданында №155 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына келген азаматтардың назарына «Ата Заң – арқауымыз» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының Конституциясы, еліміздің тарихы, мемлекеттік құрылымы, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне арналған әдебиеттер қойылды.

Сайлаушылар дауыс берумен қатар, кітап көрмесімен танысып, Ата Заңның қоғамдағы орны мен маңызына қатысты ақпараттарға назар аударды.

«Ата Заң – арқауымыз» кітап көрмесі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, Конституцияға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: