Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бәрінен бөлек

27.11.2026, 14:55 22

HALYQLINE.KZ

Кеше Өнер орталығында Мәдениет саласының үздігі, халықаралық байқаулардың лауреаты, талантты әнші Руслан Садықовтың шығармашылық жолының 25 жылдығына арналған «Бәрінен бөлек» атты шығармашылық ән кеші өтті. Бұл туралы Қызылорда Халық шығармашылығы орталығының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Кеш барысында әншінің «Әнші балапаннан» бастау алып, «Жас қанат», «Славянский базар в Витебске», «Эду-2004», «Крымская волна» сынды беделді байқауларда ел мерейін асқақтатқан өнегелі жолы баяндалды. Көрермендер сахна төрінен «Сахна – менің әлемім», «Сағындым сені», «Құдаша қыз», «Бәрінен бөлек» және өзге де жүрекке жылы әндерді тыңдап, рухани серпілді.

Шығармашылық кеште әншінің ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, марқұм Қаракөз Ақдәулетоваға деген зор құрмет ерекше сезілді. Сондай-ақ Қ.Ақдәулетова атындағы балалар студиясының өнерлі өрендері, «Құрмет» орденінің иегері Константин Луца, Мейрамбай Бектасов, Ерлан Садықов және «Шаттық» пен «Арайлы» би ансамбльдері кештің мазмұнын байыта түсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: