Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қазақмыс» кеніштеріндегі техниканы жөндеуге миллиардтап ақша бөлді

19.11.2026, 17:50 54

«Қазақмыс» компаниясы кен өндіру кәсіпорындарындағы техникаларды жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төрт жаңа бұрғылау қондырғысы сатып алынып, «Жомарт», «Жыланды», «Нұрқазған» және «Батыс» кеніштеріне жеткізілді. Сонымен қатар қолданыстағы техникаларды жөндеуге және қалпына келтіруге 6,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта 346 машина мен жабдық ағымдағы жөндеуден өткен. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі Жезқазған өңірінде жүргізіліп, мұнда 277 техника қалпына келтірілген. Жыл соңына дейін компания тағы 96-ға жуық торап пен агрегатты жөндеуді немесе ауыстыруды жоспарлап отыр.

Техникалық жабдықтарды жаңарту кен өндіру кәсіпорындарындағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және жабдықтардың істен шығу қаупін азайтуға бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: