Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Комиссия отырысы өтті

09.11.2026, 10:27 19

2026 жылғы 6 қарашада Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Мадиева Камшат және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» Жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадам қатысты.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, балалардың отбасындағы және білім беру ұйымдарындағы жағдайына байланысты мәселелер, ата-аналық міндеттерді орындау, сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және ерекше назарды қажет ететін балаларға қатысты тиісті шараларды қабылдау мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтық мүдделерін қорғауға, олардың жағдайын назарда ұстауға және туындаған мәселелерді шешуге бағытталған тиісті шаралар қабылданды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: