Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тіл заңнамасы талаптарын сақтамаған тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылды

06.11.2026, 8:10 27

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын сақтау бағытында бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастырылуы тиіс.

Алайда қала аумағындағы кейбір кәсіпкерлік нысандардың сыртқы маңдайшаларында мемлекеттік тілдегі жазбалар болмай, тек орыс тілінде ғана ақпарат орналастырылғаны анықталды.

Осыған байланысты заң талаптарын сақтамаған екі тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес ескерту түріндегі әкімшілік шара қолданылды.

Айта кетейік, аталған құқықбұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 75-бабының 4-бөлігіне сәйкес айыппұл салынады.

Бұған дейін қала кәсіпкерлеріне заңнама талаптарын түсіндіру, маңдайша жазуларды мемлекеттік тілде дұрыс орналастыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Осы орайда барлық кәсіп иелерін нысандардың маңдайша жазуларын орналастыру кезінде қолданыстағы тіл туралы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

Мемлекеттік тілге құрмет – әр азаматтың ортақ міндеті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: