Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақта бір аптада 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

04.11.2026, 16:40 72

Қызылорда облысында соңғы бір аптада жол қозғалысы ережелерін бұзудың 8 мыңнан астам дерегі анықталды. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс арттыруға қатысты, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Полиция мәліметінше, өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бақылау шаралары жалғасып жатыр. Бір апта ішінде жылдамдық режимін сақтамаудың 3234 дерегі тіркелген. Бұл анықталған құқық бұзушылықтар арасында ең жиі кездескен көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар қауіпсіздік белдігін тақпаған 1833 жүргізуші анықталды. Бұдан бөлек, жолда маневр жасау және жол жүрісі қағидаларын бұзудың 153 дерегі, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу және басып озу талаптарын сақтамаудың 55 дерегі тіркелген.

Полиция қызметкерлері жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау және жолдағы қауіпті маневрлер жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттыратынын ескертеді. Әсіресе қарсы қозғалыс жолағына шығу кезінде жүргізушілердің өз өмірімен қатар өзге адамдардың қауіпсіздігіне де қатер төнеді.

Қазіргі уақытта облыс аумағында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіздік белдігін пайдалануға және жолда жауапкершілік танытуға шақырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: