Қызылорда облысында бір апта ішінде алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 11 жүргізуші анықталды. Құқық бұзушылықтар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген рейдтік шаралар барысында тіркелген, деп хабарлайды Halyqline.kz.
Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері жолдарда тексеру шараларын өткізіп, жүргізушілерге қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіруде.
Алайда жүргізіліп жатқан ескерту жұмыстарына қарамастан, көлік тізгініне ішімдік ішкен күйде отыратын азаматтар әлі де кездеседі. Соңғы бір аптада анықталған 11 дерек осы мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр. Мас күйде көлік басқару жүргізушінің өзіне ғана емес, жолаушылар мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері ішімдік ішіп көлік жүргізудің алдын алуға бағытталған рейдтерді жалғастырады. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде жауапкершілік танытуға шақырады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!