Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тереңөзекте 25 тұрғын үй жыл соңына дейін беріледі

04.11.2026, 9:45 62

HALYQLINE.KZ

Кеше Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасына бақылау жүргізді.

2026 жылдың соңына дейін коммуналдық тұрғын үй қорынан Тереңөзек кентіндегі жапсарлас салынған 25 тұрғын үйді (50 пәтер) беру жоспарлануда.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде құрылыс жұмыстарының соңғы кезеңі орындалып, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан басшысы тұрғын үй мәселесі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды міндеттердің бірі екенін айтып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы аяқталуы мен белгіленген мерзімде пайдалануға берілуін тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: