Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғын үйлердің құрылысы сапасын бақылады

04.11.2026, 8:20 27

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Биыл ауданда осы санаттағы азаматтарға арналған 50 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Кеше аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыстардың барысын көрді.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерде ішкі және сыртқы әрлеу, есік-терезелерді орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар ғимараттардың сыртын арнайы материалдармен қаптау және инженерлік желілерге қосу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған тұрғын үйлер Әйтеке би кентіндегі Жеті Ишан көшесінің бойында, 5-квартал аумағындағы Қали Медетбаев көшесінде және Қазалы қаласындағы Үрмәш Түктібаев көшелерінің бойында орналасқан.

Аудан басшысы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына назар аударып, мердігер мекеме өкілдеріне анықталған кемшіліктерді жедел түзетуді, барлық жұмысты құрылыс талаптарына сай әрі жеделдетуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: