Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңарған көшелер – жарқыраған Шиелі

03.11.2026, 15:45 56

HALYQLINE.KZ

Шиелі – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тоғыз жолдың торабындағы, тарихы терең, берекесі мен бірлігі жарасқан қасиетті мекен. Бүгінде туған жеріміз күн санап көркейіп, жаңа келбетке ие болып келеді.

Күндіз көркімен көз тартқан Шиелінің түнгі тынысы да ерекше. Жарқыраған көше шамдары мен жаңарған инфрақұрылым аудан орталығына айрықша сән беріп, әсем көрініс қалыптастырды.

Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи көшесі төрт жолақты болып қайта қалыптастырылып, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Ал ауданның теріскей бөлігіндегі Шаймерден Бәкіров көшесі толықтай жаңарып, жаңа кейіпке енді.

Көшелер бойындағы заманауи аялдамалар, абаттандырылған жаяу жүргіншілер жолдары мен түнгі жарықтандыру шамдары аудан келбетін одан әрі ажарландыра түсті.

Мұның барлығы – тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырып, туған жердің сәулетін арттыру жолындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: