Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда жүгері өсіруге басымдық берілуде

29.10.2026, 0:22 32

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға және суды тиімді пайдаланатын озық тәжірибелерді кеңінен енгізуге баса назар аударды.

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес, Жаңақорған ауданында су үнемдеу технологияларын енгізу және суды аз қажет ететін дақылдарды өсіру бағытындағы жұмыстар қолға алынуда.

Биыл Келінтөбе, Аққорған, Қаратөбе және Кейден ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтары 1700 гектар жерге жүгері дақылын орналастырды.

Бұл – су ресурстарын тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Алдағы уақытта осындай озық тәжірибелерді кеңейту ауданның аграрлық саласын дамытуға тың серпін береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: