Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру тәртібі

24.09.2026, 14:20 38

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) талаптарына сәйкес, «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) көрсетілетін қызметті берушіге:

     1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша уәкілетті органның келісуін алу туралы өтінішхат;

     2) бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

     3) бөлу, бөлініп шығу кезінде – бөлу балансының электрондық көшірмесін;

     4) тарату кезінде – тарату балансының электрондық көшірмесін ұсынады.

     Табиғи монополия субъектісінің жекелеген іс-қимылдарды жасау процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-2-қосымшаға сәйкес «Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

     Жауапты құрылымдық бөлімше ұсынылған құжаттардың және мәліметтердің толықтығын тексереді, олар толық болмаған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді, ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерін «қайта ұйымдастыруға және» таратуға келісім беру туралы шешім қабылдайды.

     Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімді қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыны тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны (тәсілі) туралы үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

     Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өткізіледі.

     Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

​Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган басшысының атына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беруге болады.

     Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

     Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

     Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

     Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

     Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

     Егер Заңда өзгеше көзделмесе, шағым сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: