Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы «асфальт қазағы» деген бөліністі тоқтатуға шақырды

24.09.2026, 14:00 41

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қалада өскен жастарды «асфальт қазағы», «шала қазақ» деп атауды сынға алды. Бұл туралы ол Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтты.

Мемлекет басшысы ауылдың халқымыз үшін орны бөлек екенін атап өтіп, қазіргі урбанизация жағдайында қала мәдениетін дамытуға да басымдық берілуі қажет екенін жеткізді.

— Қазіргі таңда қалаларда өмір сүріп жатқан жастарымыз қазақ мектептерінде қазақ тілінде сапалы білім алуда. Сондықтан біртұтас халқымызды екіге бөлуді доғаруымыз керек. Мұндай әрекет жасауға ешкімнің хақы жоқ, — деді Президент.

Тоқаев қала өркениетін әдебиетте кеңірек көрсету керегіне назар аударды. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне жазушылар арасында қала тақырыбына арналған әдеби байқаулар өткізу жөнінде тапсырма берілген.

Президент мұндай шығармалар қазіргі қоғамның тынысын көрсетіп, қалада өсіп келе жатқан жастарға қажет екенін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: