Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстаннан Ресейге әскери техника теміржолмен тасымалданады

21.09.2026, 16:25 92

21 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Қазақстан аумағынан Ресейдің Челябі облысына әскери техника мен жеке құрам теміржол арқылы жеткізіледі. Бұл ҰҚШҰ аясындағы жоспарлы оқу-жаттығуларға байланысты. 

24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей аумағында «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығулары өтеді. Қазақстандық әскери техника мен жеке құрам Мисящ стансасына дейін барып, кейін кері қайтады. 

Жаттығу кезінде далалық сабақтар ұйымдастырылып, шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады. Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бекітілген жауынгерлік даярлық жоспарына сай өтеді. 

Қорғаныс министрлігі азаматтар мен БАҚ өкілдерін әскери техниканың қозғалысына қатысты тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды. Ведомство тексерілмеген мәліметті таратпау керегін ескертті. 

Аталған жаттығулар ҰҚШҰ елдерінде тұрақты түрде кезекпен өткізіліп келеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: