Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Республикалық тұқымбақтың жұмысымен танысты

18.09.2026, 11:40 58

HALYQLINE.KZ

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы қаласындағы «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалының жұмысымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.

«Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК Оңтүстік-батыс аймақ филиалы 2011 жылы пайдалануға берілген. Тұқымбаққа бұрынғы «Ояз бағы» аталған орман қоры аумағынан 32 гектар жер бөлінген. Мұнда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына отырғызылатын қара сексеуіл көшеттерімен қатар, өңірдің табиғи-климаттық жағдайына бейімделген түрлі сәндік және жеміс ағаштарының көшеттері өсіріледі.

Қазіргі уақытта филиалда қара сексеуіл, айлант, сумах, шығыс биотасы, кәдімгі өрік, қармала (гледичия), катальпа, үйеңкі, жіңішке жапырақты жиде және терек түрлері өсірілуде.

2025 жылдың күзінде 3,33 гектар аумаққа қара сексеуіл тұқымы себілген. Бүгінде аталған аумақта 1 миллионнан астам сексеуіл көшеті өсіп тұр. Биыл күзде тұқымбақта тағы 5 гектар жерге сексеуіл көшетін егу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының елді мекендерін көгалдандыру мақсатында терек, үйеңкі, жиде, катальпа, шаған, шығыс биотасы, қармала, айлант, кәдімгі өрік және басқа да ағаш көшеттері дайындалады. Теректің әртүрлі сортын көбейту үшін 0,25 гектар аналық плантация ұйымдастырылған. Тұқымбақтың материалдық-техникалық базасы да нығайтылған. Мұнда көшеттерді өсіру және күтіп-баптау жұмыстарына қажетті арнайы техникалар бар.

Биыл тұқымбақ филиалының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілді. Нысанды жаңғырту жұмыстарына 121 млн теңге қаржы бөлініп, мердігер «Намыс-Құрылыс» ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Аудан әкімі алдағы уақытта тұқымбаққа тиісті қолдау көрсетілетінін айтып, мұнда өсірілетін ағаш көшеттерін аудан елді мекендерін көгалдандыру бағытында тиімді пайдалану бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, ұжымға атқарып отырған жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы жоспарларының нәтижелі жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: