Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада учаскелік инспектордың өліміне күдікті ұсталды

14.09.2026, 10:00 61

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторының өліміне қатысы бар деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды.

Полиция қызметкерінің денесі 1 қыркүйекте табылған. Оның денесінен зорлық белгілері анықталған. Оқиға болған кезде инспектор жыл сайынғы еңбек демалысында жүрген.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, екі ер адамның арасында жанжал шыққан. Кикілжің барысында полиция қызметкері ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Күдікті Арал ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынған.

Қылмыстық істің тергелу барысы Қызылорда облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Оқиғаның өзге мән-жайлары тергеу мүддесіне байланысты әзірге жарияланған жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: