Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

SENIMEN SPORT – қозғалыс пен жауапкершілік мәдениеті

14.09.2026, 9:45 81

HALYQLINE.KZ

«Сенімен Болашақ» РҚБ-ның SENIMEN SPORT айдары бірнеше уақыттан бері тұрақты түрде жалғасып келеді. Айдардың негізгі мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттырумен қатар, қоғамда азаматтық жауапкершілік пен азаматтық сананы қалыптастыруға үлес қосу.

SENIMEN SPORT айдарының жетекшісі – Бірлестік жанашыры Алдаберген Нұрқанат. Оның бастамасымен өтіп жүрген жаттығуларға жастардан бастап ересектерге дейін қатысып, дене белсенділігін күнделікті өмір салтына айналдыруға қадам жасап келеді.

Спорт – денені шынықтырудың ғана емес, мінезді қалыптастырудың да құралы. Жаттығу барысында адам өзіне талап қоюды, тәртіпті сақтауды, бастаған ісін соңына дейін жеткізуді, қиындыққа төтеп беруді және командамен әрекет етуді үйренеді.

Осы тұрғыдан алғанда, SENIMEN SPORT – жай ғана спорттық жаттығу емес, белсенді азаматтық ұстанымды, жауапкершілікті, тәртіп пен бірлікті қалыптастыратын орта.

Бірлестіктің басты ұстанымы – қоғамда азаматтық жауапкершілік пен азаматтық сананы қалыптастыру. Ал бұл мақсат әр адамның өзінен, өз денсаулығына, тәртібіне, ортасына және қоғамға деген жауапкершілігінен басталады.

Сондықтан SENIMEN SPORT арқылы біз дені сау, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары, белсенді азамат қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

«Дене жаттығуы – сана жаттығуы».

Денеңді қозғалт, ойыңды сергіт!

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: