Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәслихат сайлауы: үгіт-насихат кезеңі басталды

02.11.2026, 15:15 62

Қазақстанда 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында үгіт-насихат жұмыстары басталды. Кандидаттар мен саяси партияларға сайлаушылар арасында үгіт жүргізуге 27 күн уақыт берілген, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлауалды үгітті жүргізуге қатысты заңнама талаптары түсіндірілді. ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік сайлау науқанының негізгі мерзімдеріне тоқталып, кандидаттар мен саяси партиялардың үгіт жұмыстарын жүргізу тәртібін атап өтті.

Оның айтуынша, сайлауалды үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. Ал 28 қараша дауыс беру алдындағы тыныштық күні болып белгіленген. Бұл күні кандидаттар мен саяси партияларға үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңі 14–27 қазан аралығында өтті. Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталды. Енді тіркелген кандидаттар сайлаушылармен кездесулер өткізіп, өз бағдарламаларын таныстыра алады.

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді. Дауыс беру учаскелері, жалпы тәртіп бойынша, таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Аумақтық сайлау комиссиялары заңда көзделген тәртіппен дауыс беру уақытын өзгерте алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: