Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық алты жастағы бала әкесінің көлігін түнде айдап кеткен

11.09.2026, 8:45 42

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында ата-анасының көлігін түнде айдап кеткен кішкентай баланың әкесі жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Арал ауданында полиция қызметкерлері патрульдеу барысында аудан көшелерінің бірінде түнгі уақытта Toyota Land Cruiser автокөлігін басқарған 6 жастағы баланы анықтады. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды. Тексеру барысында автокөлік оның әкесіне тиесілі екені анықталды.

Кәмелетке толмағанның заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата-анасына қатысты әкімшілік хаттамалар ресімделді.

Жинақталған құжаттар сотқа жолданып, іс сотта қаралды. Сот шешімімен ата-анасына әкімшілік айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері ата-анасымен және баласымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта республика көлемінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамау керектігін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеңіздер. Балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, олардың әрбір әрекетін жіті қадағалаңыздар.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: