Қызылорда қаласындағы Сағымбаев көшесінің Торайғыров көшесінен «Қызылорда–Құмкөл» автожолына дейінгі аралықта қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүруде, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл ауқымды жобаның аясында ұзындығы 2 шақырымнан асатын жол 4 жолақтыға кеңейтілді. Сонымен қатар, бағдаршам мен жарықтандыру бағаналары және аялдамалар орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынуда.
Игі бастаманы «Қыран» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 90 пайызы орындалды. Оны пайдалануға беру қыркүйек айына жоспарланып отыр.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!