Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзбекәлі Жәнібек кесенесі жаңарып жатыр

05.08.2026, 16:30 60

Түркістан облысының Отырар ауданындағы мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібектің кесенесі жөнделіп жатыр, деп хабарлайды halyqline.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазір кесене күмбездері қыш кірпішпен қапталуда. Жұмыс біткен соң су өткізбеу үшін кірпіш жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

Кесененің ішкі бөлігі де жаңғыртылып жатыр. Қабырғалар мен төбедегі үгітілген сылақ толық алынып, қайта сыланған. Алдағы уақытта еден жаңартылып, есік пен терезелер қалпына келтірілген соң қайта орнатылады.

Мамандар жөндеу кезінде кесененің тарихи келбетін сақтауға басымдық беріп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: