Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір сурет. Бір көзқарас

24.06.2026, 12:15 41

HALYQLINE.KZ

Бұл – жеті жастағы қызды құшағына алып тұрған аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы. Кішкентай қыз – Толқын Забирова.

Адам өмірінде атақтан да қымбат сәт болады. Бала күніңде көрген тұлға, бір көзқарас, бір кездесу өмір бойы санаңда қалады. Толқын Забирова өз естелігінде жеті жасында батырдың туған күніне барғанын айтады.

Суретке ұзақ қарасаң, батыр Бауыржанның жанарында – ғасыр салмағы. Ал бала жүзінде ештеңеден қорықпайтын балалық тазалық тұр.

Кадр ішінде екі уақыт кездесіп қалғандай:

бірі – тарихқа айналған тұлға, екіншісі – сол тарихты естелік қылып алып кеткен ұрпақ.

Біз ұлы адамдарды кітаптан іздейміз. Десе де олардың шынайы ұлылығы – осындай қарапайым сәттерде.

Сурет сөйлеп тұр. Сөйлеп тұрған суретке түсініктеме беру де артық.

Бақытбек  СМАҒҰЛ,

«Qazaqstan  Ardagerlery»  қауымдастығының  төрағасы.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: