Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Өзі хан құсап отыр»: түрмедегі бұрынғы әділет министрі Бекетаевқа қатысты күтпеген мәлімет жария болды

23.06.2026, 8:45 74

HALYQLINE.KZ

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қызық мәлімет айтты.

Депутаттың сөзінше, жазасын өтеп жатқан кейбір сотталушы Бекетаевтың үстінен шағым түсірген.

«Бұрын Әділет министрі болған Бекетаевтың үстінен қамалып отырған адамдар «мынау бізге күн көрсетпей отыр» деп шағым түсірді. Шағымды сотталушы жазып отыр. «Маған еден жуғызғысы келеді. Бәрімізге қысым көрсетіп отыр. Өзі хан құсап отыр» деп», — деді Ринат Зайыт.

Айта кетейік, 2025 жылы Марат Бекетаев алаяқтық, аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қылмыстық іс құпия белгісімен тергелгендіктен, сот процесінің көптеген егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Фото: primeminister.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: