Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балық шаруашылығы жұмысымен танысты

13.06.2026, 11:40 42

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлік нысанның жұмысымен танысты.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бағдарламаларға тоқталып өтті.
Балық шаруашылығы – өңір экономикасын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін салалардың бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жобаларды қолдау және олардың санын арттыру аса маңызды. Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін тиімді пайдалану арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аталған жоба Тереңөзек кентіне қарасты «Қалғандария-2» көлінде жүзеге асырылуда. Жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Жалпы құны 10,8 млн. теңгені құрайтын бастаманың негізгі мақсаты – көлде тор қоршамалар арқылы тауарлы балық өсіруді дамыту және өңірдегі балық шаруашылығының әлеуетін арттыру.

Қазіргі таңда 2 500 дана сазан және карп балықтары жіберілген. Кәсіпкер тарапынан балықтарды күтіп-баптау, өсіру және тауарлы өнім өндіру бағытындағы жұмыстар жүргізілуде.

Кездесу соңында кәсіпкерге сәттілік тілеп, қолға алынған бастаманың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: