Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тау-кен металлургия саласындағы мәселелер талқыланды

10.06.2026, 0:27 39

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ президенті Чэнь Даю және компанияның бас директоры Чжун Фэйчаомен кездесті. Кездесуде өңірдің инвестициялық әлеуеті, тау-кен металлургия саласын дамыту перспективалары талқыланды.

Аймақ басшысы облыстың минералды шикізат қорының көлемі инвестиция тартуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде өңір жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қажетті стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбаларға бай. Қазақстандағы ванадий қорының 66 пайызы, мырыштың 16 пайызы, қорғасынның 11 пайызы және уранның шамамен 15 пайызы осында шоғырланған.

Кездесуде «Шалқия Цинк» АҚ-ның полиметалл кен орнын игеру жобасына ерекше назар аударылды. Бұл кен орны мырыш қоры бойынша әлемдегі ең ірі бестікке кіреді, жалпы қоры 104 млн тонна.
Жоба аясында жылына 4 млн тонна кен өндіретін жерасты кеніші іске қосылып, 1500 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы инвестиция көлемі 414,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта жерасты шахтасының құрылысы мен қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандары толық аяқталған. Алдағы жылы заманауи тау-кен байыту комбинаты мен қалдық сақтау қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие концентраттарды тұрақты өндіреді. Сонымен қатар, өңірдегі энергетика, логистика және машина жасау салаларының дамуына серпін беретін ірі өндірістік орталықтың біріне айналмақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: