Қарағандыда тұрғындарды алдап, балаларын жоғары оқу орындарына грантқа түсіруге көмектесемін деп ақша алған күдікті ұсталды.
Полицияның мәліметінше, қаладағы Юго-Восток полиция бөліміне мазмұны ұқсас бірнеше арыз түскен. Барлығында алаяқтықтың бірдей тәсілі көрсетілген, тек келген шығын көлемі әртүрлі болған. Қазіргі уақытта 11 қылмыстық оқиға тіркеліп, келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеге жеткен.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 32 жастағы Қарағанды тұрғыны азаматтардың сеніміне кіріп, олардың балаларын жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантқа түсіруге көмектесетінін айтқан. Осы уәдемен ата-аналардан ақша алып отырған.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Дереккөз: Polisia.kz
Фото: Zakon.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!