Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда құс фабрикасы іске қосылады

19.03.2026, 11:05 58

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданында «Абдулла» шаруа қожалығының жаңа құс фабрикасы іске қосылатын болады. Фабрика жылына 3500 тонна құс етін өндіруге арналған. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады.

Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында мемлекеттік қолдау шарасы ретінде 1 мың гектар жер телімі бөлінген. Жобаның құны – 5,2 млрд теңге. Жоба толық іске қосылғанда 120 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жобаны іске асыруға «Союз Пром Птица» компаниясы тартылған. Қазіргі уақытта 12 құс қорасының 8-і, 1 құс сою цехы, 1 балапан ашатын цех, 1 әкімшілік және 1 техникалық қызмет көрсету ғимараты толық аяқталып, мұздатқыштар орналастырылған.

Қалған 4 құс қорасының құрылысы жүргізілуде, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар алынған. Сонымен қатар, қабылдау актісін алу үшін құжаттар рәсімделуде.

Бұл жоба өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: