Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мектеп оқушысын зорлаған зейнеткерге сот үкімі шықты

04.02.2026, 9:50 46

Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адам кәмелетке толмаған мектеп оқушысына қатысты жыныстық зорлық жасағаны үшін 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Kursivmedia хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, қылмыс салдарынан 14 жастағы қыз жүкті болып қалған. Тергеу барысында бұл дерек расталып, іс сотқа жолданған. Үкім Қылмыстық істер жөніндегі Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды. Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танып, бірнеше баптың жиынтығымен жаза тағайындады. Сот шешімінде жәбірленушінің кәмелетке толмағаны және қылмыстың ауыр санатқа жататыны ескерілген. Үкімнің заңды күшіне енген-енбегені әзірге нақтыланбады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: