Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көрнекті ақынды еске алды

30.01.2026, 18:20 27

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сырдария ауданының Құрметті азаматы, ақын Қайырбек Асанов ауданға келіп, жақында ғана өмірден өткен аяулы жары, көрнекті ақын Күләш Ахметованы еске алуға арналған іс-шараға қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Руханият» орталығында өткен еске алу іс-шарасына аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мемлекет және қоғам қайраткері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Ибрагим Абибуллаев, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алдымен, меймандар аудан тарихы қамтылған музейді аралап көріп, кітапханадағы ақын Күләш Ахметоваға арналған бұрышпен танысты. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл бұрышта ардақты жанның еңбектері мен рухани мұрасы кеңінен насихатталды.

– Күләш Ахметова – қазақ поэзиясының биік тұлғасы, сыршыл да шыншыл өлеңдерімен ел жадында қалған көрнекті ақын. Ол өз шығармалары арқылы ұлттық рухты, ана тіліне деген құрметті, адамгершілік пен тазалықты дәріптеді. Ақынның әдеби мұрасы – бүгінгі және келер ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Іс-шара барысында ақынның шығармалары оқылып, дәріптелді. Зиялы қауым өкілдері көрнекті ақынның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: