Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирустың екінші кезеңі – күзде

19.05.2020, 15:55 984

HALYQLINE.KZ  Күзде коронавирустың екінші толқыны келсе, карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында күзде коронавирустың екінші толқыны болатындығы туралы пікірлерге қатысты сұрақ қойылды. Бұл тұрғыда кәсіпорындардың жұмысына шектеу енгізу мүмкіндігі жайында сұралды.

– Шынымен де күзде біз екінші толқыны келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Алайда күзде қабылданатын шаралар жағдайға қарай іске асырылады, яғни сол кездегі эпидемиологиялық ахуал назарға алынады. Күзде қандай да бір карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін, бұл қадамдар індеттің таралуы қаупіне байланысты болады, – деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көпжасаров коронавирустың екінші толқыны қай кезде келуі мүмкін екенін айтты.

– Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру еш белгісіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін, – деді Д.Көпжасаров онлайн тәртіпте өткен брифингте.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: