Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткі тасымалдағандар ұсталды

09.01.2024, 9:09 207

Есірткі тасымалдаған ақтөбеліктер қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

23 желтоқсан күні сағат 23:55 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Авангард мөлтек ауданында орналасқан пәтер маңында есірткі заттарын алып жүрген 1999 және 2001 жылы туған тұрғындарды ұстады. Тексеру барысында күдіктілер есірткі затын пайдаланғаны анқыталды. Тінту кезінде14 зип-пакетке салынған өзіне тән иісі бар ақ ұнтак есірткі заттары тәркіленді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттар 40-қа жуық доза болатын синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикӑсы Конституциясының 77-бабы 3-тармағынын 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі занды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: