Елімізде пранк жасап, жалған ақпарат тарататындарға қатысты қатаң шаралар қолданылуы ықтимал. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, мұндай әрекеттер әр жағдайға байланысты әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық ретінде бағалануы мүмкін.
«Әрбір жағдай жеке қаралады. Құқық қорғау органдары тиісті тексерулер жүргізіп, заң аясында жауапкершілік қарастырады», – деді Е.Сәденов.
Яғни, әзіл үшін жасалған пранктың соңы заң алдында жауап берумен аяқталуы ғажап емес.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!