Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Ниязов: «Өнер адамы бір ауыз сөзбен жарқ ете қалуы мүмкін»

08.02.2021, 18:30 1256

– «Қазақтағы сыйлықтардың көбісі,

Сыйлық алмай кеткендердің атында» дейді ақын Қаныбек Сарыбаев. Шығармашылық деңгейді марапатпен, жүлдемен өлшеген қаншалықты дұрыс не бұрыс?

– Марапатпен өлшеген әлбетте әбестік болар. Бірақ, әр нәрсе өзінің уақытында болған дұрыс деп қараймын.

«Өлеңімнің өлмейтіні хақында,

Қам жемесін жақыным да, жатым да.

Қазақтағы сыйлықтардың көбісі,

Сыйлық алмай кеткендердің атында!» деген Қаныбектің өлеңі соған қол жетпеген адамдарды жұбату үшін жақсы. Дегенмен, ол – өміріңнің белестері. Өнер адамы бір ауыз сөзбен жарқ ете қалуы мүмкін, бір ауыз сөзбен қылп ете қалуы мүмкін. Сондықтан, бұл сыйлықтардың да саяси басқа да мақсаттарға арналып кетпесе, әр белестің бір биігін бағындырып, ресми, халықтық мойындалған түрлерін алып отырса мен оған қарсы емеспін. «Жоқ! Мен сыйлықсыз өмір сүремін» деген сөздерді айта беруге болады. Әйткенмен, адам бетпе-бет келген кезде шындықтарын мойындау керек. Әрбір адам мақтағанды жақсы көреді. Нәпсісі қалайды. Әрбір адам жетістікке жеткенді жақсы көреді. Бірақ, біз соларды әдемі сөздермен жапсарлап, жасырып жүреміз. Мүмкін Қаныбек ағамыз рас айтқан шығар. Шыныменде ол кісі сыйлық алмаса да даңқты болды. Бірақ, соған сіздің жан дүниеңіз қаншалықты дайын. Егер сол құрбандыққа дайын болсаңыз, «құрбандық» деп те айтуға болмайтын шығар, бірақ, дайын болсаңыз ол керек емес. Бірақ, талантты адамдар бағалану қажет.

Мұхтар Ниязовтың сұхбатынан үзінді.

Сұхбаттасқан Айдар Сайлауов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: