Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жүзу және триатлон спортшылары жаттығуды бастады

28.05.2020, 12:35 507

HALYQLINE.KZ «Евразия» СК карантин талаптарын сақтай отырып, өз жұмысын бастады. Əзірге мұнда №4 ОРМБЖМ-нің жүзу жəне триатлон (3 спорт түрінің жиынтығы: жүзу, жүгіру, велоспорт) бөлімшесінің спортшылары жаттығуда.

Тұрғындарға қай кезден бастап қызмет көрсететіні қосымша хабарланады.

Ғанибек НҰРҚОЖА, жүзуден облыстық, қалалық жарыстардың жеңімпазы:

– 50 метр қашықтықты 38,9 секундта жүздім. Карантинге байланысты демалыс болмағанда 33 секундта келетін едім. Енді жаттығу процесін үзбей жасап, өз қалпыма келемін. Алдағы мақсатым – турнирлерде орын алуға тырысамын.

Нұрай ЗИЯТҚЫЗЫ, триатлон бөлімшесінің спортшысы:

Карантинге байланысты үйде жаттығып жүрдік. Ол бізге аздық етті. Қазір спорт залда жаттығуымызды күшейтіп, жарыстарға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Алдағы уақытта жақсы нəтижелер болады деп ойлаймын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: