Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасұлан Әмір Еуропаның бірнеше клубының назарына ілікті

23.10.2026, 17:20 54

HALYQLINE.KZ

«Андерлехттен» бөлек, швейцариялық «Базель» және Польшаның «Гурник» клубы да қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тарады, деп жазады penalty.kz.

Шымкенттік «Ордабасының» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмірге Еуропаның бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр.

Kpl.kz мәліметінше, бельгиялық «Андерлехт» жас қазақстандық футболшының дамуын бақылап жүр. Сонымен қатар Әмірге Швейцария мен Польша клубтары да назар аударған.

Атап айтқанда, Әмірге швейцариялық «Базель» және Польшаның «Гурник» клубы да қызығушылық танытып отыр. Дереккөз поляк клубының қызығушылығын анағұрлым нақты деп сипаттайды.

«ЗЮЛТЕ-ВРЕГЕМ» 500 МЫҢ ЕУРО ҰСЫНҒАН

Өткен жазда бельгиялық «Зюлте-Варегем» Жасұлан Әмір үшін шамамен 500 мың еуро ұсынғаны хабарланды. Алайда «Ордабасы» басшылығы бұл ұсыныстан бас тартқан.

Қазіргі уақытта шымкенттік клуб пен әлеуетті сатып алушылар арасында ресми келіссөз жүріп жатқаны туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Жасұлан Әмірдің «Ордабасымен» қазіргі келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін есептелген.

Ғани Тұрғымбеков

Фото: vesti.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: