Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жас спортшылардың жетістігі қуантады

18.03.2024, 12:45 66

15-17 наурыз күндері аралығында панкратионнан Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында аралдық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Атап айтар болсақ, №220 орта мектептің 9 сынып оқушысы Серікбай Бақытжан 73 кг салмақ дәрежесінде І орын, №71 орта мектептің 7 сынып оқушысы Нұрсайын Нұрдаулет 35 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, №260 орта мектептің 5 сынып оқушысы Кемалов Диас 46 кг салмақ дәрежесінде және №14 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Шарапатов Нұрперзент 34 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, Серікбай Бақытжан панкратионнан мамыр айында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама иеленді.

Спортшылардың жаттықтырушысы – Сауытбаев Фараби.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: