Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа басшы Қостанайдан мектеп-интернат-колледжін салып бере ме?

27.02.2024, 10:50 173

Жақында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы Байжанов Бекболат Құстүтінұлын ұжымына таныстырды.

Бекболат Байжанов 2016-2018 жж Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған кезде облысқа мектеп-интернат-колледжі керек екенін жиналыстарда талай айтқан. Кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төраға орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары болды.

Министрлікте алты және одан да көп жыл қызмет атқарған Бекболат Байжанов Ақтаудан мектеп-интернат-колледжін неге салмады екен? Қанша дегенмен, бәрі қолында болды емес пе? Әлде Астанаға барған соң Б.Байжанов Маңғыстауды ұмытып кетті ме?

Жаңа басшы Б.Байжанов өзі барған Қостанай облысында да мектеп-интернат-колледжі жоқ екенін біле ме? Тағы да сыналар сәті келді. Көрейік.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: